Архив событий

13/07/2016

Жедел кеңес өткізілді

13/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық сотының кеңейтілген кеңесте қозғалған сұрақтарды талқылау бойынша жедел кеңес өткізілді. Аталған кеңеске сот ұжымы қатысты.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/07/2016

Аз.Д. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылы Амангелді елді-мекенінде, қоғамдық орында, осы ауыл тұрғыны М-ға былапыт сөйлеп, дауыс көтеріп, еш себепсіз ар-намысына тиетін сөздер айтып, жеке тұлғаны қорлап тиiсіп, қоғамдық тәртiптi бұзып, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн iс-әрекеттер, яғни ұсақ бұзақылық жасаған.

Қызмет мүдделерін пайдаланып, қылмыс жасаған

13/07/2016

Алға аудандық сотында ММ «Алға аудандық оқу бөлімі» құрылымы орталықтандырылған бухгалтерясының басшысы Г. қатысты кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісім жасалған қылмыстық іс қаралды.

Тұрғын үйінің алдына қоқыс төккені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/07/2016

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылының тұрғыны азаматша Қ. үйінің қасына күл-қоқыс төгіп, белгіленбеген орынға коммуналдық қалдық тастап, қоғамдық тәртiптi және төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретін iс-әрекеттер, яғни ұсақ бұзақылық жасаған.

Әйел жасаған бұзақылық

13/07/2016

Қобда аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен  азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мұғалжар ауданының №2 сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

13/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен брифинг өтіп, судья Ж.Кунаевамен  ҚР ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігімен Ш. қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.        

2016 жылғы 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

13/07/2016

Ырғыз аудандық сотының төрағасы А.М.Бисенгали аудандық соттың 2016 жылғы алты айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді. Аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Несие желісі келісімшарты бойынша бітімгершілік келісім

13/07/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер «Е» АҚ-ның жауапкерлер «C.T.» ЖШС, «А» ЖШС, «Д» ЖШС, С. несие желісін ұсыну туралы келісім бойынша қарыз ақшаны өндіруге қатысты азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауының барысында талапкер «Е» АҚ несие желісін ұсыну туралы келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкерге несие желісін ұсынғаны анықталды.

Пәтерге меншік құқығы танылды

13/07/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен талап қоюшы Ж.-ның жауапкерлер М.-ға және «Мұғалжар аудандық әкім аппараты» ММ-не мүлікке иелену мерзімімен меншік құқығын тану туралы азаматтық ісі қаралды.