2016 жылғы 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотының төрағасы А.М.Бисенгали аудандық соттың 2016 жылғы алты айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді. Аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында сот төрағасы соттың аталған кезенде және 2015 жылғы осы кезеңінде атқарған жұмысының қорытындылары және негізгі көрсеткіштері жайлы айтып өтті.

Атап айтқанда сот төрағасы көрсетілген уақыт аралығында қаралған барлық қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге салыстырмалы түрде тоқталып өтті.

Сонымен қатар, сот төрағасы аудандық соттың 2015 жылғы екі үкімімен сотталған 11 адамға қатысты қылмыстық істер бойынша сот орындаушының 10 адамға жазаларын ҚР қылмыстық заңнамасына сәйкес, басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныстары қаралып, сегіз адамға қатыстысы қанағаттандырылып, оларға тағайындалған айыппұл түріндегі жазалар нақты іс жүзінде бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, олар сот залынан қамауға алынғанын көрсетті.

Екеуі үкіметке бережақтарын толық төлеуі себепті, ол жөніндегі ұсыныстар қанағаттандырудан бас тартылғанын айтты.

Сондай-ақ, сот төрағасы Ырғыз аудандық пробация қызметінің бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның, ол өзіне жүктелген міндеттерді қасақана бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылып, оған тағайындалған бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынғанын көрсетті.

Ырғыз аудандық соты медиация институтының тетіктерін сот тәжірибесінде қолдану бойынша белсенді түрде жұмыстар атқаруда, оның ішінде 9 қылмыстық және 4 азаматтық істер медиация тәртібінде қаралды.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы азаматтардың сот қызметіне, өткізіліп жатырған шаралар жөніндегі ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарына баса назар аударатындықтарын айтып, тілшінің тақырып бойынша қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі