баспасөз маслихаты

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымы

18/02/2019
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.К.Шарипова баспасөз мәслихатында «Эврика» газетінің тілшісі Д.Матвеевпен кездесті. Кездесу барысында  салық органдарының жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын өндіру бойынша талап қою арыздарын қарау бойынша сот тәжірибесі талқыланды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 9 айының жұмысын қорытындылады

10/10/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы, судьялары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз-мәслихаты барысында төраға сотта 2016 жылдың 9 айында 2015 жылмен салыстырмалы түрде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар берді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында баспасөз маслихаты өткізілді

02/08/2016

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен 2016  жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына Ақтөбе  облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға м.а. А.М. Жүсіпов,  сот судьялары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

БАҚ өкілдерінен «Капитал» гәзеті және «Рика ТВ» телеарнасының өкілдері қатысты.

ҚІжМАС-та баспасөз маслихаты өткізілді

15/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Шараға сот төрағасы Н.Сұлтанов, судья А.Қаржауов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баспасөз маслихаты өтті

15/07/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 6 айын қорытындылау бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда  баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға сот төрағасының  міндетін атқарушы Н.Ормаханов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбе №2 қалалық сотында баспасөз маслихаты өткізілді

15/07/2016

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотының 2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық тудырған істер бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

 Жиынға сот төрағасы Балмұқанов Айсұлтан Жабаевич, сот судьялары және  жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

2016 жылғы 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

13/07/2016

Ырғыз аудандық сотының төрағасы А.М.Бисенгали аудандық соттың 2016 жылғы алты айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді. Аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Мартөк аудандық сотында баспасөз маслихаты

12/07/2016

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2016 жылы 6 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Жиынға сот төрағасы М.Дүйсен және  жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

«Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері»

30/06/2016

Байғанин аудандық сотында соттың ашықтығын, жариялылықты қамтамасыз ету, сот жүйесінің имиджін жоғарылату және мемлекеттік тілді дамыту мақсатында сот жүйесі саласында жүзеге асырылып жатырған іс-шараларды халыққа БАҚ арқылы насихаттау мақсатында: «Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті. Оған Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадір қатысты. 

Беттер