Мартөк аудандық сотында баспасөз маслихаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2016 жылы 6 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Жиынға сот төрағасы М.Дүйсен және  жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

Мәртөк аудандық соты  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

2016 жылдың  6  айында  81 тұлғаға қатысты 68 қылмыстық іс, 182 азаматтық іс, 298 әкімшілік істер қаралған.

2016 жылдың 6 айында  81 адамға қатысты 68 қылмыстық іс аяқталды. Атап айтқанда, 41 сотталушыға қатысты 37 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, 37 адамға қатысты 27 қылмыстық іс өндірісі қысқартылды, оның ішінде сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты 37 адамға қатысты 27 қылмыстық іс, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс соттылығы бойынша жолданған, 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс прокуратураға қайтарылған. Сонымен қатар 37 адамға 27 қылмыстық іс өндірістері кәсіп және кәсіпқой емес медиатор қатысуымен арқылы қаралған, барлық істер бойынша медиация әдісі қолданылған.

Баспасөз мәслихатына келген БАҚ өкілінің әртүрлі сұрақтары тыңдалып, көптеген сұрақтарына жауап берілді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі