Архив событий

27/07/2016

Жергілікті «Тандем» радиосының эфирінде «Соттардағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында сұхбат берілді

27/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Қаржауов жергілікті «Тандем» радиосының «Аймақ тынысы» бағдарламасында «Соттардағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында сұхбат берді.

Аса ауыр қылмыс бойынша үкім жарияланды

27/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) айыпталған азаматша К. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

«Атқарушылық жазбалар жасау туралы» тақырыбындағы семинар сабағы

27/07/2016

Мәртөк аудандық сотында «Атқарушылық жазбалар жасау туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы М.Дүйсен, судья  Е.Нуршарыпов, Ақтөбе облыстық нотариалдық палатасының нотариустары  қатысты.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

27/07/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) азамат В. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарға сай азамат В. 2016 жылы 10 шілдеде, Ақтөбе қаласы, Нефтянников көшесі, мекен-жайда орналасқан қарттар және мүгедектер үйінде, яғни қоғамдық орында осы мекеме жұмысшылары мен аспазшыларының атына балағат сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.