Архив событий

22/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҮЕҰ қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

22/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істерді қарауда алқабилердің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әкімшілік іс мерзімі өтуіне байланысты қысқартылды

22/07/2016

Ақтөбе қаласының мамандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының 282-бабының 3-бөлігінің 7 тарауымен (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) «Д» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы «Адам және Заң» бағдарламасында сұхбат берді

22/07/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Е.Қанапиев «Қазақстан-Ақтөбе» телерадиокомпаниясы АҚ-ның «Адам және Заң» бағдарламасында «2016 жылдың 1-жарты жылдығындағы сот төрелігінің қорытындысы» тақырыбында сұхбат берді.

Эфир барысында сот төрағасы атқарылған сот жұмысының статистикалық деректері бойынша ақпарат берді.

Аудандық сотында брифинг өткізілді

22/07/2016

Хромтау аудандық сотында, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қолдану туралы брифинг өткізілді.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

22/07/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Медиация Заңы» және «Сот отырысына мәжбүрлеп әкелу»  туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Балмұханов, судьялар, қалалық ішкі істер бөлім бастығының орынбасарлары, қорғаушылар, медиаторлар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына  судьялар А.Адилова, Е.Абдықалықов дөңгелек үстел тақырыптарына сай баяндама оқыды.

«Медиация заңы» тақырыбындағы семинар сабағы

22/07/2016

Әйтеке би аудандық сотында «Медиация заңы»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, сот мамандары және кәсіби медиатор С.Мамбетов қатысты.