Архив событий

08/07/2016

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық сот алқасында қылмыстық іс қаралды

08/07/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотының 2016 жылдың 14 сәуіріндегі үкімімен Д.А.Еменов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366 бабы 3 бөлігінің 1,3 тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, мемлекеттік ұйымдар мен органдарда басқарма қызметін атқарудан өмір бойына айырыла отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ақтөбе облысының Жас Судьялар Кеңесі дөңгелек үстел өткізді

08/07/2016

Ақтөбе облысының Жас Судьялар Кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысының Жас Судьялар Кеңесінің төрағасы Е.Қ.Құрманов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы М.А.Мынбаев қалалық және оған теңестірілген сот қызметкерлерінің қатысуымен  «Мемлекеттік қызметшілердің Жаңа Этикалық Кодексінің нормаларын кеңінен түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы М.А.Мынбаев мемлекеттік қызметшілердің Жаңа Этикалық Кодексіне қатысты жаңашылдықтар мен өзекті мәселелерге тоқталып өтті. 

Аса ауыр қылмыс

08/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігінің 3 тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) азамат С. қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» Заңын бұзу

08/07/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496 бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған Ресей Федерациясының азаматшасы З. қатысты әкімшілік іс түсті.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалта отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарламаған.

Банктік қарыз шарты бойынша берешек сомасы өндірілді

08/07/2016

Ойыл аудандық сотымен талапкер «ЕБ» АҚ-нан азамат М. банк заемының келісім шарты бойынша қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«ЕБ» АҚ мен жауапкер азамат М. тездету, қайтару, тұтыну мақсатында банкілік заем келісім шартын жасасты, соған сәйкес банк жауапкерге несие сомасынан 15,50%  жылдық болатын 84 айда бөліп төлейтін 1. 322. 000 теңге құрайтын қарыз ақша берді.