Архив событий

26/07/2016

Мұғалжар аудандық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

26/07/2016

Мұғалжар аудандық сотында соттардың 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты жұмысына аудандық сот төрағасы С.Тасымбетов, судьялар, адвокат Э.Джананбаев мен «Мұғалжар» газетінің бас редакторы Ә.Есқар қатысты.

«Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы семинар

26/07/2016

Хромтау аудандық сотында судья аудандық прокуратура өкілімен және Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілінің қатысуымен «Салық салу саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өткізілді

26/07/2016

Әйтеке би аудандық сотында жергілікті «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен «Медиация туралы» Заңы тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы М.Мұхамбетқалиев «Медиация туралы» Заңының тараптарға қатысты артықшылығын атап көрсетіп, осы мерзімде 9 қылмыстық ісі 10 адамға қатысты және 1 азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылғанын, атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша семинар сабағы

26/07/2016

Темір аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Сөт төрағасының міндетін атқарушы  А.Акмолдина баяндама оқыды. Талқылау барысында  судья 2016 жылдың 1 қаңтарында енгізілген Заң, бұрын қолданыста болған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңыннан, сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға бағытталған іс шаралар жүйелігімен ерекшеленетіндігін атап кетті.

Борышкерге айыппұл сомасы қысқартылған

26/07/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттар бойынша азамат Р. сот шешімі негізінде одан  азаматша К. пайдасына 151 500 теңге бережақ өндіру бойынша борышкер бола тұра, сот шешімін және сот орындаушымен қозғалған атқарушылық құжатты орындамаған.

Істі қарау барысында азамат Р., кінәсін мойындап, бережағын 20 000-30 000 теңгеден бөліп төлейтінін көрсетті.

Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату

26/07/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпенайналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)
жүзеге асыру) Е. қатысты әкімшілік іс қаралды.