Архив событий

19/07/2016

Ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша үкім жарияланды

19/07/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігінің «1,2,3» тармақтары және 188-бабының 3-бөлігімен айыпталғандар Ж.М, Е.К, С.Е, Н.О., А.А. және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің «1,2,3» тармақтарымен айыпталған Ж.М. кылмыстық іс  қаралды.

Қаруды рұқсатсыз алып жүру

19/07/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарға сай ол 2016 жылғы 13 маусымда,  Ақтөбе қаласының Темір-жол вокзалында, өзінің жол сөмкесінде  «Police HL 1101» жазбасы бар электрошокерді сақтаған, ол бұл қаруды ішкі істер органдарының рұқсатынсыз алып жүрген.

Әйтеке би аудандық сотында 2016 жылдың 6 айының жұмысын қорытындылады

19/07/2016

Әйтеке би аудандық сотында 2016 жылдың 6  айының қорытындысы бойынша  аудандық «Жаңалық жаршысы» газеті өкілінің қатысуымен баспасөз маслихаты өткізілді.

Өз сөзінде сот төрағасы А.Әбдіров  келесі статистиқалық мәліметтерді келтірді:  2016  жылдың 6 айында 61 тұлғаға қатысты 59 қылмыстық іс қаралды, оның 22 сотталды. Тараптардың татуласуына байланысты 38 тұлға жауаптылықтан босатылды. 

Қобда аудандық сотында брифинг өткізілді

19/07/2016

Қобда аудандық сотында  «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай  қатысуымен «Медиация Заңының қолданылуы» туралы тақырыбында брифинг  өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Анарбаев, жеке және заң тұлғаларының қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және басқада құқықтық қатынастарының, жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу барысында медиацияның ерекшеліктері,  медиация процедурасын өткізу тәртібін және талаптарын атап өтті. Ағымдағы жылдың 6 айында  сотпен Медиация Заңын қолданып 21 азаматтық іс және 9  қылмыстық істердің медиаторлык келісім бойынша қаралғандығын айтты. 

Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығару

19/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) Өзбекстан Республикасының азаматт