Архив событий

18/07/2016

Байғанин аудандық сотында семинар өткізілді

18/07/2016

Байғанин аудандық сотында «Жеке сот орындаушыларының қызмет аясын кеңейту реформалары – заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға аудандық соттың ұжымы мен аудандық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Қ.Ізтұрғанов қатысты. Семинар барысында жеке сот орындаушыларының қызмет аясын кеңейту мақсатында мемлекеттің жүргізіп жатырған реформаларының маңызы, сот актілерін уақытылы орындауға қатысты мәселелер талқыланды.

Қобда аудандық сотының судьясы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирде сұхбат берді

18/07/2016

Қобда аудандық сотының судьясы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының  АҚ-ның  «Адам және Заң» бағдарламасында тікелей эфирде «Азаматтық іс өндірісіндегі балаға әкелік құқықты тану туралы» тақырыбында сұхбат берді.