Жергілікті «Тандем» радиосының эфирінде «Соттардағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында сұхбат берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Қаржауов жергілікті «Тандем» радиосының «Аймақ тынысы» бағдарламасында «Соттардағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама аясында А.Қаржауов 2016 жылдан 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауының нормалары туралы, 174-бабына сай, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатыны, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні туралы айтып, тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, не аталған Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алатынын баяндады.

Сонымен қатар, судья дауды татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібімен реттеу туралы, талап тілекті кім беруге құқылы екені, тараптардың бұдан арғы әрекеттері қандай, жақтармен дауды татуластыру рәсімдерінің басқа да тәсілдерін қолдану және келісімнің кейінгі орындау тәртібін түсіндірді.

Тікелей эфирде А.Қаржауов радиотыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі