Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.К.Шарипова баспасөз мәслихатында «Эврика» газетінің тілшісі Д.Матвеевпен кездесті. Кездесу барысында  салық органдарының жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын өндіру бойынша талап қою арыздарын қарау бойынша сот тәжірибесі талқыланды.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лизензия алған төлеушілер, төлемді әр жылдың 20 шілдесіне дейін ағымдағы жылға дейін төледі. Төлем бойынша міндеттеме осы жылы туындады.
Жыл сайынғы лицензиялық алым соммасының есептелуі немесе мерзімінің өтуіне  салық органдарының тергеу нәтижесі немесе салық есебінің ұсынымы, уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәлімет  себеп бола алмайды.
Жоғарыда аталған мән-жайларға байланысты мемлекеттік кірістер басқармасы жыл сайынғы төлемді орындамаған төлеушілерден салық заңнамасында қарастырылған  алым өндіруді  сот өндірісінен тыс шара қолдану арқылы өндіруге құқығы болмады.
Осыған байланысты мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа аталған тұлғалардан лицензиялық алым бойынша қарыз өндіру талабымен жүгінген.
2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия алғаны үшін жыл сайын төленетін лицензиялық төлемді  көтерме және бөлшектеп сату бойынша алкогольдік өнімдерді сақтағаны үшін төлейтін төлемге  ауыстырды. Көрсетілген аралықтан бастап мемлекеттік кірістер басқармасы өз бетінше сот өндірісінен тыс қарыз өндіру бойынша шара қолданып жатыр.
Кездесу аяғында судья тілшінің қойған сұрақтарына толық жауабын берді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі