Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 9 айының жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы, судьялары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз-мәслихаты барысында төраға сотта 2016 жылдың 9 айында 2015 жылмен салыстырмалы түрде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар берді.

2016 жылдың 9 айында сот өндірісіне барлығы 31 адамға қатысты 28 қылмыстық іс түсті. Салыстырмалы түрде 2015 жылдың 9 айында барлығы 31 адамға қатысты 26 қылмыстық іс түскен. 2016 жылдың 9 айында 31 адамға қатысты 28 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығып, аяқталған болса,2015 жылдың 9 айында 26 адамға қатысты 22 қылмыстық іс айыптау үкімі шығарылып, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс жіберілген кемшіліктерді дұрыстау үшін Ақтөбе облыстық прокуратурасына жолданды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 9 айында ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен заңмен көзделген тыйым салынған әрекетті жасаған С.В.Кизеновке медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылып, іс өндірістен қысқартылды.

Келесі  тоқсанға қылмыстық іс қалдырылған жоқ.

ҚР ҚК-нің 120 бабының 4 бөлігімен сотталған Б.Ж.Мулдагаринге және ҚР ҚК-нің 121 бабының 4 бөлігімен сотталушы М.А.Раушанқосовқа қатысты қылмыстық істер алқабилердің қатысуымен қаралды.

Апелляциялық сатыда қарау үшін 19 қылмыстық іс жолданып, оның 16-сы қаралып, үкімдер өзгеріссіз қалдырылды.

Қаралған 28 қылмыстық істің:

ҚР ҚК-нің 99 бабы, адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату бойынша – 19 қылмыстық іс;

ҚР ҚК-нің 257 бабы, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша – 3 қылмыстық іс;

ҚР ҚК-нің 120, 121баптары, яғни зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша  – 3 қылмыстық іс;

ҚР ҚК-нің 106 бабы, денсаулыққа қасақана ауыр зиянкелтіру бойынша – 2 қылмыстық іс;

ҚР ҚК-нің 190 бабы, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалну жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену бойынша – 1 қылмыстық іс.

Қаралған қылмыстық істер бойынша 9 жекеше қаулы шығарылып, 7 жекеше қаулы бойынша сотқа жауап түсті, 1 жекеше қаулы орындауға 26.09.2016 жылы жолданды, 1 жекеше қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық істер бойынша шығарылған жекеше қаулылардың себептері төмендегідей:

1/      сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жіберілген заң бұзушылықтар туралы – 5 жекеше қаулы

2/ басқа да – 4 жекеше қаулы:

-         Ырғыз ауданының білім басқармасына;

-         Ақтөбе облысы ІІД-нің жергілікті полиция қызметіне;

-         Көтермелеу сипатында Ақтөбе облыстық прокуратурасына;

-         Ақтөбе облыстық әкімдігіне жолданды.

БАҚ бойынша төмендегі жұмыстар атқарылғанын хабарлайды:

Ағымдағы жылдың 9 айында сот төрағасының жеке қабылдауында 11 адам болды және сот қызметкерлерімен оқу орындарында және мемлекеттік органдарда  53  дәріс оқылды.

Сонымен қоса, Ақтөбе облыстық сотының интернет сайтындақоғам құзығушылығын тудыратын істердің қаралуы, өткізілген іс-шаралар туралы 91ақпарат жарияланды.

12 баспасөз-мәслихаты, 49 брифинг өткізілді.

Сот судьялары мен мамандары 78 рет халықпен кездесу өткізді.

2016 жылдың 9 айында республикалық және жергілікті басылымдарға жариялану үшін 90мақала жолданды, солардың 83-і басылым беттерінде, сондай-ақ интернет-сайттарда жарық көрді.

Сот судьялары мен төрағалары теле-радиоларда 80 рет сұхбат берді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі