Архив событий

11/10/2016

Қобда аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

11/10/2016

Қобда  аудандық сотында 2016 жылдың  9   айында    атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Жиынға сот төрағасы  АТ.Анарбаев   және  жергілікті БАҚ өкілі  А.Егизбай    қатысты.

2016 жылы  9  айында    аудандық   сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Қобда аудандық сотымен  2016   жылдың  9  айында      барлығы  102  адамға қатысты  84  қылмыстық іс,   298  азаматтық іс және  285   әкімшілік іс қаралған.

Судьялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері дөңгелек үстел басында кездесті

11/10/2016

Хромтау аудандық сотымен дөңгелек ҮЕҰ өкілдерімен үстел өткізілді.  

 «Дөңгелек үстел» жұмысына  Хромтау аудандық сотының судьясы Е.А.Жеткерген, «ҚР ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің үкіметтік емес ұйым басшылары және сот мамандары қатысты.

Судья Е.А.Жеткерген өз сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында сот жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерiстерді, сондай-ақ соттарда электрондық құжат айналым жүйесінің жетілдірілгені, Медиация Заңы туралы, сонымен қатар ардагерлер құқығы туралы  айтты.

Алға аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

11/10/2016

Алға аудандық сотында соттың 2016 жылғы 9 айында  жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәлихаты жұмысына аудандық сот төрағасы Е.С.Мұратқанов және «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Б.Изтлеуов қатысты.

Сот төрағасы Е.С.Мұратқанов өз баяндамасында, есептік кезеңнің көрсеткіштеріне тоқталып өтті: 2016 жылдың 9 айында аудандық сот өндірісіне 636 талап арыз түсті. Есептік кезеңде барлығы 82 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде бітімгершілік келісімімен – 9 азаматтық іс, медиация келісімімен – 44 азаматтық іс.

2016 жылдың 9 айлық соттың жұмыс қорытындысы баспасөз мәслихатында талқыланды

11/10/2016

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2016 жылы 9 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Баспасөз мәслихатында төраға М.Дүйсен статистикалық мәліметтерді, істер саннатары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

Ашық есік күні

11/10/2016

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыру; төрешілдікті азайту; соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін үнемі назарынан

Ақтөбе қалалық сотында 2016 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

11/10/2016

Ақтөбе қалалық сотында 2016 жылдың 9 айының жұмысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық туғызған істерге қатысты баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатында Ақтөбе қалалық соты төрағасының м.а. А.Қабылдинов, Ақтөбе қалалық сотының судьялары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі «Ақтөбе Таймс» газетінің тілшісі Т.Токарь, Еуразия 1 каналының тілшісі А.Султанмуратова қатысты.