Архив событий

27/10/2016

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін жауапқа тартылды

27/10/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматтық іс бойынша жауапкер болып танылатын азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол сот отырысының өтетін орны мен уақыты тиісті дәрежеде хабарланғанымен, сотқа дәлелсіз себептермен келмеген, яғни сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Бітімгершілік келісім бекітілді

27/10/2016

Шалқар аудандық соты   талап қоюшы Е.-ның  жауапкер А.-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы  Е. сотқа талап арыз беріп, жауапкер екеуінің мінезі келіспейтінін, алдағы уақытта бірге тұра алмайтынын айтып, некені бұзуды сұраған.

Сот отырысында жауапкер А. сотқа  татуласу келісімін ұсынып, екі тараптың татуласқандарын, алдағы уақытта жақсы жанұя болатындықтарын сендіріп, соттан татуласу келісімді бекітуді сұрады.

Совет молодых судей Актюбинской области провёл встречу со студентами

27/10/2016

Ақтөбе облысының Жас судьялар Кеңесінің төрағасы Е.Қ.Құрманов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы М.А.Мынбаев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Экономикалық және құқық институты студенттерінің қатысуымен «Алименттік міндеттемелер» тақырыбында пікір тартыс өткізді.

Кездесуде студенттер екі топқа бөлініп, талапкер және жауапкер көзқарасын жақтады.

Шалқар аудандық сотында экстремизмге және терроризмге қарсы оқу- жаттығулар өткізілді

27/10/2016

Шалқар ауданында экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жобасының орындау жоспары негізінде Шалқар аудандық сотында Ішкі Істер Министрлігінің өкілдері полиция полковнигі Нурхат Болатұлы Берденовтың, полиция полковнигі Төлеген Ғалымтайұлы Ғалымтайдын, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілі Шалхар Мухамбетұлы Баржакасиновтың қатысуылармен терроризмге мен терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайда практикалық оқу-жаттығу сабақтарын өткізді.Терроризм актісі туралы хабарлама түскен кезде: әңгіменің нақты мазмұның есте сақтау, дыбыстық фо

Ақтөбе қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

27/10/2016

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында «СНПС-Актобе Мұнайгаз» АҚ өкілдері,  «Ұлы қабырға» ҚҚБК ЖШС-нің  өкілдері және сот судьяларының қатысуымен «Жұмысқа қайта орналастыру туралы дауларды қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.А.Абдуллина «Жұмысқа қайта орналастыру туралы дауларды қарау» тақырыбында баяндама жасап, азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелерге тоқталып өтті.

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өтті

27/10/2016

Мұғалжар аудандық сотында «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» атты тақырыпта брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы Н.Е.Кендирбаева және  «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі Д.Ерболатқа  сұқбат берді.

Брифинг барысында судья Н.Е.Кендирбаева аудандық сотпен есептік кезеңде, осы санаттағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 150 әкімшілік іс түсіп, оның 127 іс бойынша әкімшілік шара қолданылып, ал қалған 23 іс  қысқартылғаны  айтылды.  

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

27/10/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматова, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» ұйымының медиаторы К.Каусова, аудандық соттың төрағасы А.Сабыров пен судья Ж.Кунаева, Жем қаласының әкімі Б.Нұртаев, Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Ж.Бисенов, қоғамдық кеңес төрағасы Т.Нургалиев, кәсіби емес медиаторлар, мектеп директорлары, Ембі қаласының әкімі аппараты және ішкі істер бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Дауларды сотқа дейін реттеу институтын, оның ішінде медиация институтын енгізуы және дамытуы» тақыры