Архив событий

14/10/2016

Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/10/2016

Мұғалжар аудандық сотымен «Медиация –татуласу рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Ш.Алматова, аудандық  сотының судьялары, жергілікті медиатор, құқық қорғау органдары мен аудандық және жергілікті әкімдік, білім бөлімі және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен өтізілді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына террорлық акт қылмыстық оқиғасы бойынша қылмыстық іс түсті

14/10/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2016 жылдың 7 қазанында Ақтөбе қаласында 2016 жылы 5 маусымда орын алған террорлық акт қылмыстық оқиғасы бойынша қылмыстық іс келіп түсті.

Қылмыстық іс бойынша сотқа 29 тұлға (тұлғалар тізімі) берілген, олардың 9-ы түрлі қылмыстық құқықбұзушылық жасағандары, оның ішінде террорлық актісін жасауға тікелей қатысқандары үшін, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағандары, 2-уі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталуда.

Ашық есік күні

14/10/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік" күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Н.Ормаханов азаматтық іс бойынша туындаған мәселе жөнінде балалардың тұрғылықты жерін айқындау және бала асырап алу сұрағымен  келген А.Ж., И.С. және Қ.К.-ны қабылдады.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында пресс-конференция өтті

14/10/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Рика-ТВ» және «Қазақстан-Ақтөбе» телеканалдары тілшілерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференцияда соттың 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы 2015 жылдың көрсетілген мерзімімен салыстырмалы ақпараты берілді.

2016 жылдың 9 айында сотпен 9 123 әкімшілік іс бойынша қаулы шығарылған,  2015 жылдың есепті мерзімінде 9 016 іс қаралған болатын, яғни былтырғы жылдан 107 іске  қаралған.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өтті

14/10/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Рика-ТВ» және «Қазақстан-Ақтөбе» телеканалдары тілшілерінің қатысуымен әкімшілік іс бойынша брифинг  өтті.  

Брифингте судья Е.Ж.Махметов қоғам қызығушылығын тұғызған әкімшілік іс бойынша, яғни «Н» саунасында болған құқық бұзушылық бойынша  мәлімет берді.

Мұғалжар аудандық сотының судьясы «Адам және Заң» бағдарламасында сұхбат берді

14/10/2016

Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.Е.Мусина «Қазақстан-Ақтөбе» телерадиокомпаниясының «Адам және Заң» бағдарламасында «Дауларды шешудің балама түрлері» тақырыбында сұхбат берді.

Эфир барысында қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын, соттағы татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту, оған қолайлы құқықтық орта туғызудың қоғамдық-саяси маңыздылығы туралы түсіндірме берілді.