Архив событий

20/10/2016

«Қылмыс және құқық бұзушылық» атты тақырыпта оқушылармен кездесу

20/10/2016

Ойыл аудандық сотының бас маманы К.Алипова Ж.Жусібалиев атындағы қазақ орта мектебінде оқушылар арасында «Қылмыс және құқық бұзушылық» атты тақырыпта семинар кеңесін өткізді.

Семинар барысында К.Алипова құқық бұзушылық ұғымына түсінік беріп, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың, жауапкершілігінің ерекшеліктеріне тоқталды. Ата-ана, мектеп тарапынан заң бұзушылықтар және өзге сауалдар төңірегінде өз ойымен бөлісіп, оқушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарына тыңғылықты жауап берді.

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

20/10/2016

Шалқар аудандық сотында соттардың жүктемелерін азайту мақсатында  «Нотариалдық атқару жазбасының, оңайлатылған өндіріс пен медиацияның ерекшеліктері, оларды бірінші сатыдағы сотта қолдану артықшылығын кеңінен түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кәмелетке толмаған адамға алкоголь өнімін сатқан

20/10/2016

Хромтау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы 1 бөлімі бойынша 1996 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген Қ-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша, Хромтау қаласында  орналасқан «Н» дүкенінің сатушысы Қ. кәмелеттік жасқа толмаған 2001 жылы туылған Ш.-ге бір шыны сыра алкоголь өнімін сатқан, ол осылайша ҚР ӘҚБтК 200-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзышылықты жасаған.

Судьялар мен ардагерлер дөңгелек үстел басында кездесті

20/10/2016

Мұғалжар аудандық сотымен «Ардагерлер құқығын қорғау, қоғамдық өмірге ат салысу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық  сотының судьясы Н.Е.Кендирбаева және «ҚР ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Мұғалжар аудандық филиалының және Қандыағаш қаласының төрағаларының қатысуымен өтізілді.

Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Е.Кендирбаева  «Ардагерлер құқығын қорғау және ардагерлер құқығының қорғалуының  халықаралық стандарты» атты баяндамасымен  дөңгелек үстелді ашқан.