Архив событий

03/10/2016

Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

03/10/2016

Мұғалжар аудандық сотында «Тергеу судьясының қызметін одан әрі жетілдіру, оңтайландыру бағыты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық  сотының төрағасы С.З.Тасымбетов, тергеу судьясы Ж.М.Сейтжапаров, аудандық және көлік прокуратурасының, ішкі істер  органдарының өкілдерінің қатысуымен өтізілді.

Дөңгелек үстел барысында тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы  өтінішхаттарды қарау және тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін  есептеу тәртібі  талқыланды.

Семинар-тренинг өткізілді

03/10/2016

Қобда аудандық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Г.Н.Абишева «Қазақтелеком» АҚ-да «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Қобда аудандық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Г.Абишева  көрнекті түрде  электрондық талап арызды, әкімшілік істерді, апелляциялық шағымды және басқа электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік баждың онлайн-төлемі, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алу туралы түсіндірді.

Ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша үкім жарияланды

03/10/2016

Темір аудандық сотында ҚР-ның ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен айыпталған Қ. қатысты қылмыстық іс қаралды (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау).

Тараптар татуласу келісімге келді

03/10/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында талапкер  «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-нің   коммуналдық бережақты  өндіру туралы талап арызы бойынша 14 азаматтық іс татуласу келісіммен аяқталды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС жауапкер 14 азаматқа қатысты коммуналдық бережақ соманы өндіруді сұрап сотқа шағымданған.