Архив событий

15/10/2016

Қобда аудандық сотының ұжымымен сенбілік өткізілді

15/10/2016

Қобда аудандық сотының ұжымы сот ғимаратының аумағында сенбілік өткізді. Бүгінгі сенбілікте төраға мен сот қызметкерлер ұжымы өздерінің ұйымшылдығын және іскерлігін көрсете білді. Сенбілікте сот ғимараты орналасқан  аумақтағы  ағаштардың түптері қопсытылып, гүл көшеттері қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, сот аумағындағы жерлер тазартылып, қураған жапырақтар шығарылып тасталынды.

Алға аудандық сот ұжымы сенбілік өткізді

15/10/2016

Алға аудандық соты жалпықалалық екі айлық сенбілік аймағы негізінде сот аумағында сенбілік өткізді.

Сот ғимаратының және оған қатысты аумақтың санитарлық күйін дұрыстау және күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында, сот ұжымы күл-қоқысты жинап, талдар мен гүлзарлардың жерін көтеріп, белсенді жұмыстар жүргізді.

Сенбілік барысында сот аумағы жалпы қурап қалған жапырақтардан, талдардан және қоқыстардан тазартылды.