Архив событий

12/10/2016

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

12/10/2016

Брифингте аудандық соттың төрағасы А.А.Әбдіров ҚР ӘҚБтК-нің 463 б. 1 б.(тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік іс қаралғанын айтты.     

 

«Жеке айыптау бойынша сотталушы ақталды» атты тақырыпта брифинг өтті

12/10/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өтіп, судья Кунаева Ж.А. аз. Т.-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағым бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекісінің 108 бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру), 130-бабының 1-бөлігімен (жала жабу) ақтау үкімі бойынша түсініктеме берді.

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

12/10/2016

Шалқар аудандық сотында «Медиация Заңының қолданылуының тәртібі»  және  «Мемлекеттік тіл - маңызы» туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы  О.Бақтыгереев,  судья С.Дәріқұлова,  Шалқар аудандық прокуратурасының прокуроры  Д.Сарсенгалиев, Шалқар аудандық әкімдігінің бас маманы М.Мекебаев, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы А.Төлегенова, қорғаушы Ш.Ильясов   қатысты.

Шара барысында  судья  Сақыпжамал Дәріқұлова тақырыптар бойынша баяндама жасады.

Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

12/10/2016

Мұғалжар аудандық сотымен дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық  сотының судьясы А.Е.Мусина, жергілікті медиатор, құқық қорғау органдары мен «Нұр Отан» партиясы, аудандық және жергілікті әкімдік, білім бөлімі және медициналық мекеме және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен өтізілді.

Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

12/10/2016

Мұғалжар аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында ағымдағы жылғы «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында Мұғалжар аудандық сотының төрағасы С.З.Тасымбетов қатысушы А.Актауов және Б.Актауовқа  заңды күшіне енген сот актісінің орындалуы туралы және басқа да сұрақтарына жауаптар берді.

Жер даулары бойынша азаматтық іс қаралды

12/10/2016

Ақтөбе қалалық сотының өндірісіндегі талап қоюшы  К.-ның жауапкер «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-не, Ақтөбе қалалық Әкімдігіне  жер учаскесін беру кезегін қалпына келтіру туралы арызына бас тарту туралы  жауабын  заңсыз деп тану, жер учаскесін бөлу кезегін қалпына келтіруді міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы К. 2004 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қалалық әкімдігінде жер учаскесін беру туралы арызымен кезекте тұрған.

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өткізілді

12/10/2016

Әйтеке би аудандық сотында «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында брифинг өткізілді. 

Брифингке аудандық сот төрағасы А.Әбдіров және «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев қатысты.

Аудандық соттың төрағасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.