Архив событий

13/10/2016

Алға аудандық соты дөңгелек үстел басында ардагерлермен кездесті

13/10/2016

Алға аудандық сотының төрағасымен бірлесіп кеңсе мамандары Алға ауданындағы ардагерлер ұйымына барып,  ардагерлермен дөңгелек үстел басында кездесті. 

Дөңгелек үстел басында  Алға аудандық сотының төрағасы Е.С.Мұратқанов, сот мамандары және ардагерлер қатысты.

Сот талапкердің талабын қанағаттандырды

13/10/2016

Темір аудандық сотында талап қоюшы С. жауапкер К. пәтерден өтіп бара жатқан су құбырындағы тежегішті (кранды) алып тастауды, су құбырын қалпына келтіруді міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Алға аудандық сотында семинар өтті

13/10/2016

Бүгін Алға аудандық сотында кеңсе мамандарының қатысуымен «Іс – қағаздарды жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында  кеңсе меңгерушісі Р.Ташева «Істерді ресімдеу – құжаттарды іске хронологиялық тәртіппен қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар кеңсе қызметкерлерінің сот істері мен материалдарды  тіркеу және есепке алу тәртібі, істерді ресімдеу – құжаттарды іске хронологиялық тәртіппен қалыптастыру туралы нұсқаулықты үйрену мақсатында өткізілді.

9 айының жұмысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

13/10/2016

Ойыл аудандық сотында 2016 жылдың 9 айының жұмысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатында Ойыл аудандық соты төрағасының м.а. А.С.Туремуратова және жергілікті бұқаралық ақпарат құралының өкілі «Ойыл» газетінің тілшісі С.Нарегеев және А.Шакенова қатысты.