Архив событий

17/10/2016

Жеке қабылдау өткізілді

17/10/2016

Мәртөк аудандық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша әр дүйсенбі күні сағат  10ºº-16ºº -ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Мұғалжар аудандық соты «Ашық есік» күнін өткізді

17/10/2016

Мұғалжар аудандық сотының төрағасымен бүгін  ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара барысында Мұғалжар аудандық сотының төрағасы С.З.Тасымбетов қатысушы А.Р. салық органының әкімшілік қаулысына шағым келтіру тәртібі және мерзімдері туралы сұрағымен келіп, өз сұрақтарына толық жауабын алды.

Әрдайым «Ашық есік күні» шарасына келушілердің сұрақтарына жауаптар заң шеңберінде беріліп отырады.

Аңшылық қаруды заңсыз сақтаған

17/10/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) Л.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Л.,  Темір ауданы Кенкияқ кентінде ішкі істер органдарында тіркелмеген  16-калибрлі «ИЖ-58МА» модельді тегіс ұңғылы атыс қаруына жататын сыңар ауыз шақпақты аңшы мылтықты өзінде заңсыз сақтаған.