Архив событий

04/10/2016

Азаматтарды қабылдау қабылдау өткізілді

04/10/2016

Мәртөк аудандық сотта азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша әр дүйсенбі күні сағат  10ºº-16ºº -ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Медиативтік келісімге сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды

04/10/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің  200 бабының            1 бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу), 24 бабының 3 бөлігі, 188 бабының 2 бөлігі 1,3 тармақтарымен (ұрлық) Б. мен ҚР ҚК-нің 24 бабының 3 бөлігі, 188 бабының 2 бөлігі 1,3 тармақтарымен Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мәртөк аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

04/10/2016

Мәртөк аудандық сотында «Әкімшілік айыппұл орындау мәселесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілген. Іс шарасына сот төрағасы М.Дүйсен, судья  Е.Нуршарыпов, Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшылары мен маманы, соттың кеңсе мамандары және кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова қатысқан.

Мұғалжар аудандық сотының судьялары 2016 жылдың үшінші тоқсанды қорытындылады

04/10/2016

Мұғалжар аудандық сотында соттардың 2016 жылғы 9 айында  жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәлихаты жұмысына аудандық сот төрағасы С.З.Тасымбетов және «Мұғалжар» газетінің бас редакторы Ә.Есқара қатысты.

Санитариялық-эпидемиологиялық нұсқамасын орындамаған

04/10/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен 29.09.2016 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3 - бөлігімен аз. Ж.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Ж.,  директор лауазымын атқарып жүріп, өзінің құзіреті шегінде, орындауға міндетті тұлға бола тұра, санитариялық-эпидемиологиялық нұсқамада көрсетілген кемшіліктерді жоймаған.

Сот отырысында Ж. кінәсін мойындап, іс әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Соттың қаулысымен Ж. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  15 АЕК мөлшерінде, яғни 31815 теңге айыппұл салынды.