Архив событий

05/10/2016

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуы

05/10/2016

Мұғалжар  аудандық сотында  «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуы» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісі А.Иманбекова  және сот мамандары қатысты.  Сот мамандарына  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жою мәселелері бойынша семинар өтті.

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

05/10/2016

Мұғалжар  аудандық сотының төрағасы С.З.Тасымбетов, аудан прокурорының көмекшісі С.Бертлеуов, Мұғалжар  аудандық жеке сот орындаушысы А.Сәндібай, жергілікті БАҚ өкілі А.Есқараның  қатысуымен «Мемлекет пайдасына өндірілген сомаларды өндіру жағдайы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке қатысушылардың алға қойған мақсаты, мемлекеттің пайдасына өндірілген сомаларды өндіру кезіндегі қиындық тудыратын мәселелерді талқылау.

Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік

05/10/2016

Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен азаматша В. көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін тоқтатылды.

Қобда аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен  азаматша В-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, сағат шамамен 22.15-те, азаматша В. мас күйінде, маркасы «Daewoo Nexia» автокөлігін басқара отырып, жол патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылды, сөйтіп ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Медиация тәртібімен аяқталған азаматтық істер қорытындыланды

05/10/2016

Медиация тәртібі қолданылып қысқартылған азаматтық және қылмыстық істер бойынша

Мұғалжар аудандық сотында медиация тәртібі қолданылып қысқартылған азаматтық және қылмыстық істер бойынша брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина медиация тәртібімен аяқталған істер туралы «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқараға  сұқбат берді.

Тараптар медиативтік келісім жасады

05/10/2016

Шалқар аудандық соты азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Істің материалдарына сәйкес, сотталушы Ж. дүкеннің зат сақтауға арналған қоймасының артында  жәбірленуші К.-нің бағасы 5 000 теңге болатын бір бас лағын пайдакүнемдік ниетте  жасырын жымқырып, жәбірленушіге жалпы құны 5 000 теңге мүліктік зиян келтіріп,  ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Тараптар медиативтік келісім жасады

05/10/2016

Шалқар аудандық соты азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Істің материалдарына сәйкес, сотталушы Ж. дүкеннің зат сақтауға арналған қоймасының артында  жәбірленуші К.-нің бағасы 5 000 теңге болатын бір бас лағын пайдакүнемдік ниетте  жасырын жымқырып, жәбірленушіге жалпы құны 5 000 теңге мүліктік зиян келтіріп,  ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Мәртөк аудандық ІІБ-де судья семинар өткізді

05/10/2016

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінде Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсеннің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу»  тақырыбында семинар  өткізілді.

Іс-шараға Мәртөк аудандық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметі инспекторлары, учаскелік инспекторлар, ІІД көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Аталған семинарды өткізудегі негізгі мақсат - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды  дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау.