Архив событий

10/10/2016

«Меморандумды орындау» атты дөңгелек үстел өткізілді

10/10/2016

Мұғалжар аудандық сотымен Ақтөбе облыстық әкімдігімен және Ақтөбе облыстық сотымен бірлесіп қол қойылған меморандумды жүзеге асыру үшін дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел Мұғалжар аудандық  сотының судьясы А.Е.Мусина, кәсіби медиатор, қалалық және селолық  әкімдері  өкілдерінің қатысуымен өтізілді.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

10/10/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Т.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Т. өз үйінде, некедегі жолдасы Б.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, лас сөздермен балағаттап, үйдің тыныштығын бұзып, әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Студенттермен кездесу өткізілді

10/10/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен халық арасында сот жүйесінің ашықтығын, қол жетімділігін нығайту мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға судья А.Қ.Молдағалиев, судья Г.С.Адигалиева, «Қазақ-орыс халықаралық Нур университетінің» оқытушылары А.Амангелдіқызы, В.М.Балмагамбетова және «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

10/10/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың, Ембі қалалық акиматының өкілі, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметінің, Желелік полиция қызметкерлерінің, басқа мекемелер өкілдерінің қатысуларымен сот саласындағы жаңалықтар бойынша, қоғамдық қызуғышылық туғызған істер және аудандық соттың ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы «Рика ТВ» жергілікті телеарнасының «Из первых рук» бағдарламасына қатысты

10/10/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы «Рика ТВ» жергілікті телеарнасының «Из первых рук» бағдарламасына қатысты.

Бағдарама барысында судья А.Молдағалиев 2016 жылдың 9 айында қаралған қылмыстық істердің статистикалық ақпаратына тоқтатылып өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 9 айының жұмысын қорытындылады

10/10/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы, судьялары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз-мәслихаты барысында төраға сотта 2016 жылдың 9 айында 2015 жылмен салыстырмалы түрде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар берді.