Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың, Ембі қалалық акиматының өкілі, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметінің, Желелік полиция қызметкерлерінің, басқа мекемелер өкілдерінің қатысуларымен сот саласындағы жаңалықтар бойынша, қоғамдық қызуғышылық туғызған істер және аудандық соттың ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өтті.

2016 жылдың 9 айында 36 қылмыстық іс түсіп қаралған, оның ішінде 33 тұлғаға қатысты 30 іс бойынша үкім шығарылған, 4 іс медиация тәртібімен қысқартылған. Азаматтық істер бойынша 549 талап арыз, 14 іс және 49 материал, оның ішінде сот бұйрығын шығарумен 118 іс қаралды, 251 шешім шығарылды, соның 246-ы қанағаттандырылды, 18 іс қараусыз қалдырылған, 18 арыз кері қайтарылған, 3 іс соттылығы бойынша жолданған, 110 іс қысқартылған, оның ішінде 68 іс татуласу келісімімен қысқартылды, 16 іс медиация тәртібімен қысқартылған. 258 әкімшілік іс түсіп, қаралған, сот актілерін орындаумен байланысты 310 жадығат түсті.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, осындай есеп беру сот жұмысын ашықтығы, жариялылығын білдіретінің атап, сот төрағасына алдағы уақытта осындай кездесулер жалғасын табатынына сенім білдіріп, өз ризашылдықтарын айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі