Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы   2-бөлігімен (ҚР-ның халықтық көші көн саласындағы заңнамасын бұзуы, яғни шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзуы, көзделген мерзімде ішкі істер органдарынан тіркеуден өтпеуі, тіркеу  кезінде көрсетілген  мекенжайда тұрмауы)  ҚХР-ның  азаматы Л. қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

Істің құжаттарына сай, ҚХР-ның азаматы Л. құжаттарын тексеру барысында, Ақмола  облысы, Көкшетау қаласы бойынша тіркелгендігі, алайда олардың  тіркеу  кезінде көрсетілген  мекен-жайда тұрмай, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Жаңажол вахталық поселкасындағы «ANTONOIL» ЖШС-нің базасында тұрған.

Сот отырысында ҚНР азаматы өз кінәсін толық мойындап, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Жаңажол вахталық поселкасындағы «ANTONOIL» ЖШС-нің базасында ешқандай рұқсатсыз заңсыз тұрып жатқандығын, ол туралы ішкі істер органдарына хабарламағандығын көрсетті. 

Сот қаулысымен ҚХР-ның азаматы Л. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  34 035 (отыз төрт мың отыз бес) теңге  әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі