«Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисі»  атты тақырыбында  семинар өтті.

Аталған іс-шараға  судья Ж.Кунаева, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АОФ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-нің, «Казахтелеком» АҚ-ның, «Транстелеком» АҚ-ның Ембі қаласындағы  филиалдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері және  сот мамандары қатысты.

Іс-шара барысында судья Ж.Кунаева сот төрелігінің қолжетімділігін, ашықтығын және айқындылығын арттыру мақсатында,  қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы талап арыздарды, өтініштерді және апелляциялық шағымдарды сотқа жіберу тәртібімен таныстырды. Өз сөзінде судья Ж.Кунаева сот жүйесі қоғаммен өзара байланысудың заманауи және ашық форматтарын енгізу арқылы дамып келе жатқанын атап өтті. Сот кабинеті - сот органдарының қызметтерін алудың онлайн сервисті бірыңғай терезесі екенін, өтініш беруші кез келген уақытта өтініш бере алатындығын, сот құжаттарын  кез-келген  уақытта қарай алатындығын, сонымен  қатар хабарлама және шақырту қағаздарын сот актілерін бастырып шығара алатындықтарын, сот құжаттарының қозғалысы мен олардың мәртебесін бақылап, интернет арқылы мемлекеттік баж төлеуге  мүмкіншіліктердің мол екендігін  атап  өтті.

Шара соңында семинарға қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі