Архив событий

26/10/2016

Жас өспіріммен жасалынған ұсақ бұзақылық

26/10/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ӘҚБтК-нің 435-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасаған кәмелетке толмаған С.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Терроризм мен экстремизимге қарсы іс әрекет

26/10/2016

Мұғалжар аудандық  сотында сот төрағасы С.З.Тасымбетов, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен аудандық сотының судьялары және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Терроризм  актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы сот қызметкерлерінің іс-әрекеті» атты семинар  өтті.

Қобда аудандық сотынада «Ұлт Жоспары – 5 институциональді реформаны орындау бойынша 100 қадам» тақырыбында семинар өткізілді

26/10/2016

Қобда аудандық сотында сот мамандарымен  «Ұлт Жоспары – 5 институциональдік  реформаны орындау бойынша  100 қадам» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Қобда аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова  ашты. Бес институциональдік  реформаның негізі аталып өтті. Оның бірі – қызметтік мемлекеттік мекеме құру. Еңбекақыны қызметтік еңбекке коэфициенттік өзгертулер енгізуге нәтижелеріне көшу аталып өтті. Күнделікті мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және санаттылығын көтеру жүйесі жүктелген.

Кредиторлық берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды

26/10/2016

Ойыл аудандық сотымен кредиторлық берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ АОФ -ы азамат Р.-ға кредит бойынша қ 1 070 649,89 теңге қарызды және 32 120 теңге мемлекеттік бажды арызды өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. ҚР АК-нің 722-бабының 1-бөлігі 1-тармағы бойынша, қарыз алушы келісімшарт тәртібі мен мерзіміне сәйкес қарызды қайтаруға міндетті.

Дау медиация тәртібімен реттелді

26/10/2016

Ойыл аудандық сотында, ақша қаражатын өндіру жөніндегі азаматтық іс бойынша медиация тәртібін бекітіумен азаматтық іс қаралды.

Талап бойынша Ойыл ауданы Коптоғай ауылының  тұрғыны Н. осы ауыл тұрғыны Қ. талапкердің үйіне жылу жүйесін өткізіп беретін болып, өзінің жұмысын 140000 тенгеге бағалап, аталған соманы алып кеткен, алайда осы уақытқа дейін не келісмкен жұмысын жасамай немесе ақшасын қайтармаған.

Сот отырысы барысында, тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген.