Архив событий

28/10/2016

«Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы сот практикасында қолдану туралы» тақырыбында дөңгелек үстел

28/10/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен «Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы сот практикасында қолдану туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Ақтөбе облысының МАЭС төрағасы Е.К. Қанапиев, сот судьялары, прокурор Барышов Н., кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының төрағасы Т.Хамитов және «Атамекен» ҚР ҰҚП өкілі Р.Б. Куйшин, Р.Р. Тажибаев, Д.Б.Смамутова қатысты.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

28/10/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында  «Жеке айыптау шағымын беру тәртібі», «Процестік келісім», «Үкімді орындау» туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс-шараға  сот төрағасы А.Ж.Балмұханов,  судьялар,  қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушылар, мемлекеттік сот орындаушы және жеке сот орындаушылары қатысты.

Сотқа құрметтемеушілік көрсетті

28/10/2016

Темір аудандық сотымен Б. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) әкімшілік іс қаралды.

«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді

28/10/2016

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева  Ембі қаласының №1 орта мектебінде, 9-11 класстар аралығында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Темір аудандық сотымен семинар өткізілді

28/10/2016

Темір аудандық сотымен кәсіби емес медиаторларының қатысуымен «Медиация институтын қоса алғанда, дауларды сотқа дейінгі шешу институтын енгізу және дамыту» тақырыбында  семинар өткізілді.