Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында баспасөз маслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен 2016  жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына Ақтөбе  облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға м.а. А.М. Жүсіпов,  сот судьялары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

БАҚ өкілдерінен «Капитал» гәзеті және «Рика ТВ» телеарнасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасының м.а. атқарылған сот жұмысының статистикалық деректерін берді.

2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша статистикалық мәліметтер және өткен жылдың ұқсас кезеңі келесідей көрініс береді.

Сонымен, аталған  кезеңде  2016 жылы  1508 арыз түссе,  2015 жылы  1811арыз  түсті,  яғни 303 арызға немесе 16,7 % аз.

Келіп түскен  арыздардың  ішінен  қайтарылғаны 128 арыз немесе 8,4 % (2015  жылы – 96 арыз  немесе 5,3%);

қабылдаудан  бас тартылғаны  19 арыз  немесе 1,2 % (2015 жылы – 1 немесе 0,05 %);

азаматтық іс қозғаумен өндіріске қабылданғаны 1250 арыз немесе 82,8% (2015 жылы – 1700 арыз немесе 93,8 %).

  Барлығы 1384 іс аяқталды өткен жылмен салыстырсақ 254 іске азайған. (2015 жылы 1638 іс)

Қаралған істердің ішінен 1042іс немесе 75,2 % сот шешімін шығарумен қаралды (2015 жылы – 1356 іс немесе 82,7 %) яғни 314 іс немесе 23,1 % аз.

Олардың ішінен:

талапты қанағаттандырумен 797 іс немесе 57,5 % 2015 жылмен салыстырғанда 67 іске азайған (2015 жылы – 864 немесе 52,7 %);

талаптан бас тартумен 245 іс немесе 17,7 % қаралды (2015 жылы – 492 іс немесе 30 %).

Ұйғарым шығарумен 281 іс немесе 20,3 % қаралды (2015 жылы – 209 іс немесе 12,7 %), оның ішінен:

талапты қараусыз қалдырумен – 58 іс немесе 4,1 %  (2015 жылы – 76 іс немесе 4,6 %);

бітімгершілік келісім бекітумен істі қысқартумен – 210 іс немесе 15,1 %  қаралды (2015 жылы – 122 іс немесе 7,4 %);

соттылығы бойынша – 13 іс немесе 0,9 % (2015 жылы – 11 іс немесе 0,6 %).

Сот бұйрығын шығарумен 61 іс немесе 4,4 %  қаралды (2015 жылы – 73 іс немесе 4,4 %).

Ал, есеп кезеңінің соңында аяқталмаған істер санын 244 іс  немесе 16 % құрап отыр (2015 жылы – 296 іс немесе 16,3%).

Сырттай іс жүргізу тәртібімен істер қаралмады.

2016 жылдың 6 айында судьялармен 4 жеке ұйғарым шығарылды (2015 жылы – 23).

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешімдердің күшін жою туралы арыздарды қарау үнемі бақылауда. Осы 6 айда 11 арыз түсті. Барлығы 11 арыздың ішінен 4 арыз қанағаттандырусыз қалдырылды, 7 арыз қайтарылды.

Апелляциялық сатыда 12 шешім өзгертіліп, 7 шешім бұзылды. Кассациялық тәртіппен 1 шешім өзгертіліп, 1 шешім бұзылды.

Баспасөз маслихаты барысында қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселелердің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және азаматтық істерді уақытылы қарау екендігі аталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша,  БАҚ өкілдеріне қоғамда қызығушылық туғызған істер бойынша түсіндірулер берілді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі