Архив событий

17/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

17/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ҚК-нің  99 бабының 1 бөлігімен айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,  2016 жылдың 6 наурызында Н., Хромтау қаласында орналасқан тұрған үйінде  И.-мен бірге спирттік ішімдіктерін ішу кезінде,  екеуінің арасында ұрыс-керіс туындаған.  Н. алкогольдік масаң күйде бола тұра, қолына пышақ алып, жәбірленушінің  кеудесіне көптеген соққылар жасаған, соның салдарынан И. оқиға болған жерде қаза болған.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

17/08/2016

Хромтау аудандық сотында судья С.Т.Жумашкинамен, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында медиация түріндегі татуласу рәсімінің мүмкіншіліктері талқыланды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/08/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұрлық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3 тармағымен кәмелетке толмаған А.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар сабағы өтті

17/08/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру жұмыстарына қатысты террористік тұрғыдан осал объектілердің қызметкерлері және басшылары үшін әдістемелік ұсыныс» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Семинарға Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.
А.М. Минтаев қатысушыларды әдістемелік ұсыныспен таныстырып, төтенше жағдай туындаған кезде жасалатын қажетті шараларға жеке-жеке тоқталды.