Архив событий

31/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

31/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында төраға Н.Сұлтанов Қазақстан  Республикасы ҚК-нің  99 бабының 1 бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) айыпталған азамат Н.-ға қатысты қылмыстық іс туралы түсініктеме берді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

31/08/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Инвесторлардың қатысуымен қаралатын даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның, «КазCooper» ЖШС-нің, «КазахОйл Ақтөбе» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен өткізілді.