Архив событий

10/08/2016

Жалған мемлекеттік белгісін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды

10/08/2016

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық сотымен 10.08.2016 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Н. 25.07.2016 жылы сағат 10.30 шамасында Қандыағаш қаласы, Қалыбаев көшесінде орналасқан Мұғалжар аудандық ІІБ-нің алдында м/б 217 FPA 04 «Ваз 21150» маркалы автокөлікке қолдан жасалған мемлекеттік белгісін орнатып, көлік құралын басқарған.

Ырғыз аудандық сотында баспасөз конференциясын өткізді

10/08/2016

10.08.2016 ж. Ырғыз аудандық сотының төрағасы А.М.Бисенгали аудандық соттың 2016 жылғы жеті айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді. Аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында сот төрағасы соттың аталған кезенде атқарған жұмысының қорытындылары және негізгі көрсеткіштері жайлы айтып өтті.

Алға аудандық сотында жедел кеңес өткізілді

10/08/2016

Алға аудандық сотында  сот төрағасы Е.С.Мұратқановпен  күзетілетін объектілердің басшылығына инженерлік-техникалық нығайтылуын жетілдіру кезінде олардың терроризмге қарсы қорғалу, сондай-ақ терактпен не табиғи апатпен төтенше жағдай туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар бойынша жедел жиналыс өткізілді.

Сот төрағасы Е.С.Мұратқанов қызметкерлерді әдістемелік ұсыныммен таныстырып, төтенше жағдай туындаған кезде қандай әрекет жасау керектігін жан-жақты түсіндірді.

С.Жумагалиевтің жауапкер «Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлік және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не тұрғын үй мәселесі туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралуда

10/08/2016

Ақтөбе қалалық сотында Талапкер Жумагалиев С. жауапкер «Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлік және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не тұрғын үй мәселесі туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралуда.

Темір аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

10/08/2016

Темір аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің антитеррорлық қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» әдістемелік ұсынысы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Аталған шараны өткізудің басты мақсаты – діни экстремизм терроризмнің алдын алу, сотқа келушілерді өткізу тәртібін күшейту.

Медиация рәсімімен қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

10/08/2016

Қобда аудандық соты  ҚР ҚК-нің 389-бабының 1-бөлігінің  38 жастағы сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық  істі қарады.

Іс бойынша, 22 мамыр 2016 жылы сотталушы Б. сағат 15.00  шамасында жұмыс жағдайын пайдаланып, өзіне материалдық пайда көру мақсатында,  «Тамды» шаруашылық серіктестігінің малдары өз қарамағында болғанын пайдаланып, пайдакүнемдік ниетпен, өзіне материалдық пайда көру мақсатында 3 жылдық ақшыл қызыл түсті жылқысын жасырын ұрлап, сотталушы Б., «Тамды» шаруашылық серіктестігіне материалдық залал жалпы сомасы 200 000 теңгеге  зиян келтірген.