Архив событий

23/08/2016

Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді.

23/08/2016

Қобда аудандық сотында 2016 жылдың 23 тамызында «Медиация институтын дамыту және «Медиация туралы» Заңын іске асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық ҮЕҰ-ның: «Үркер» қоғамдық бірлестігінің өкілі Тлеумағанбетова Гаухар және «Қобда Жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілі Шалимов Рустем, Қобда ауданының прокуроры А.С.Шәкіров, кәсіби емес медиатор С.Даржанов, Қобда аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы А.А.Уразова, БАҚ өкілі қатысты.

Кенкияқ селолық округінің әкімі Н.Калмагамбетовке қатысты үкім шығарылды

23/08/2016

Мұғалжар аудандық сотымен Кенкияқ селолық округінің Әкімі Н.А.Калмагамбетовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкіміне сәйкес, Н.Калмагамбетов ҚР ҚК-нің 345 /Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы/, 346 /көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы/, 347 /Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу/  баптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.