Архив событий

08/08/2016

Қобда аудандық сотында халықпен кездесу өткізілді.

08/08/2016

  2016 жылдың  5 тамыз    күні    Қобда  селолық округінде  және аудандық сотының  ғимаратында   «Медиация күні» республикалық акциясын ұйымдастыру аясында халықпен кездесу  өтті.

       Шараға аудандық  кәсіби емес медиатор  С.Даржанов  және    ауданның  тұрғындары қатысты.

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

08/08/2016

Ақтөбе облысы, Байғанин аудандық сотында қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша Б.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, 2016 жылғы 05 тамызда сағат 09.30-дар шамасында Байғанин ауданы, Қопа селолық округіне қарасты, Көптоғай ауылының тұрғыны құқық бұзушы Б.Т. ішкі істер органдарында тіркелмеген 1956 жылы шыққан 12 калибрлі, тегіс ұңғылы, қос ауызды №8738  санды аңшы мылтығын заңсыз сақтағандығы үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы «Тандем» радиосында тікелей эфирде сұхбат берді

08/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Д.Ә.Садықова жергілікті «Тандем» радиосының «Аймақ тынысы» бағдарламасында «Соттың 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындысы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршаға ортақ міндет» тақырыбында сұхбат берді.

Ақтөбе қалалық сотында Ақтөбе қалалық әкімдігінің талап арызы бойынша азаматтық іс қаралуда.

08/08/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкерлер «Ақтөбе қаласының әкімдігі» ММ, «Ақтөбе қаласының Жер қатынастары бөлімі» ММ жауапкер Мұрат Жұмамұратов Иманқұловқа жер заңнамасының бұзушылықтарын жою, яғни Ақтөбе қаласы Жібек жолы 39 үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекет меншігі болып табылатын өз бетімен иеленген жер учаскесіндегі құрылысты бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарауда.

Шалқар аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен брифинг өтті.

08/08/2016

Шалқар аудандық сотында «Шалқар» газетінің бас редакторы Қ.Әлинның қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев 2015 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Сонымен  қатар қаралған қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер бойынша қысқаша  мәліметтер берілді.

Сөз соңыңда сот төрағасы журналистың қойылған сұрақтарына жауап берді

Сот әкімшілік істі қысқартты

08/08/2016

Темір аудандық сотында азаматша Г.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1-бөлігі (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

ҚР Әділет Министрлігінің"Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамасы орталығы" ММ-нің директоры М.Мұстафа 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды.

08/08/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен айыпталған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы Орталығы» Мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры М.Ж. Мұстафаға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды.  

Заңсыз аңшылық

08/08/2016

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотындаҚазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (заңсыз аңшылық) Ұлғайсын ауылының тұрғыны С.Д. және Ақтөбе қаласының тұрғыны Т.Ж-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

08/08/2016

Ақтөбе облысы, Байғанин аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен Ж.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Істің құжаттарына сәйкес, 05.08.2016 ж. сағат 14.10-дар шамасында Байғанин ауданы, Ноғайты ауылының әкімшілігі ғимаратының жанында алкогольдік мастану күйінде қоғамдық орында кіші дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық көрсетіп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Автокөлікті мас күйінде басқарған

08/08/2016

Азамат C. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Кемер селосының бойында жүргізуші ретінде «Жол жүрісі қағидаларының» 2-тарауы 4-бөлігі 2-тармағының талабын бұзып, “Лада 21713-139-123” маркалы көлік құралын алкогольден масаң күйінде басқарған.

Осылайша С.әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.