Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы, Байғанин аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен Ж.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Істің құжаттарына сәйкес, 05.08.2016 ж. сағат 14.10-дар шамасында Байғанин ауданы, Ноғайты ауылының әкімшілігі ғимаратының жанында алкогольдік мастану күйінде қоғамдық орында кіші дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық көрсетіп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ж.М. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі