Архив событий

02/08/2016

Ақтөбе қалалық сотында семинар сабақтары өткіліді

02/08/2016

2016 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген мәжіліс хаттамасын орындауға арналған ісшаралар жоспарына сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының кеңсе мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің нормаларын түсіндіру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Ақтөбе қалалық №2 сотында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

02/08/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273 бабымен (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) айыпталған Т.Р.-ге қатысты қылмыстық ісқаралды. 

Сот үкіміне сәйкес, 2016 жылдың 23-мамырында Т.Р. Ақтөбе облыстық Төтенше Жағдай Департаментінің «112» телефонына қоңырау шалып, Ақтөбе қаласы, Қонаев көшесі №1 үй, №7 корпустың 3 подьезінде  «Аллах акбар» сөзімен жарылғыш зат қойылған деп хабарлаған.

Ақтөбе қалалық сотында «Медиация күні» қарсаңында дөңгелек үстел өтті.

02/08/2016

«Медиация күні» атты республикалық акцияға сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының судьялары, Ақтөбе облысының кәсіби медиаторлары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиация: татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Раимкулова «Азаматтық процестегі Медиация» тақырыбында баяндама оқып, азаматтық істерді медиация тәртібімен қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде, Ақтөбе қалалық соты тарапынан:

Дөңгелек үстел өткізілді

02/08/2016

Ырғыз аудандық сотында «Жастар – қоғамның ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Ырғыз ауданы прокурорының міндетін атқарушыҒ.Майкопов, Ырғыз аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Қартеменов, және үкіметтік емес ұйым - «Жас қыран» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.Айтқұлова қатысты.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында баспасөз маслихаты өткізілді

02/08/2016

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен 2016  жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына Ақтөбе  облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға м.а. А.М. Жүсіпов,  сот судьялары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

БАҚ өкілдерінен «Капитал» гәзеті және «Рика ТВ» телеарнасының өкілдері қатысты.

Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді.

02/08/2016

Қобда аудандық сотында «Медиация заңы және татуласу  рәсімдері»  тақырыбына  дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық соттың төрағасы  А.Анарбаевтың  жүргізуімен  өткізілген дөңгелек үстелге  аудандық  прокурордың орынбасары  Сағындыков А.Р,аудандық әкімшіліктің  заң бөлімінің өкілі  Есибеков  А , нотариустың  көмекшісі    Бисенгалиева Д,   кәсіби емес медиатор С.Даржанов ,  қорғаушы-адвокат  Ж.Сарбасова  және   аудандық ішкі істер  бөлімінің орынбасары  А.Кадралин  қатысты.

Көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

02/08/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, К. Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімінің 4-тармағының 2) тармақшасының талабын бұзып, 2016 жылғы 7 шілдеде Темір ауданы Шұбарқұдық кәсіпшілігінде Мектеп көшесі бойында «АУДИ 100» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында брифинг өткізілді

02/08/2016

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен брифинг өтіп, сот төрағасы А.Сабыров Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293 бабының 2 бөлігі 3 тармағы  бойынша (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) С.Оразовқа қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.        

Ақтөбе қалалық сотында «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

02/08/2016

Ақтөбе облысы соттарының Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының судьялары, «Ақтөбе қаласының бухгалтерлері мен аудиторларының «Есеп»» Қоғамдық бірлестігі, «Ақтөбе Облыстық Мүгедектер бірлестігі» Қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Раимкулова «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің маңызы» тақырыбында баяндамамен бөлісті.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

02/08/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ГидроЭкоРесурс»  ЖШС-і «Бекарыс» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

  Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «Бекарыс» ЖШС-ненжалпы көлемі 252 000теңге қарыз соманы және айыппұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Әкімшілік ісі қаралды

02/08/2016

Хромтау аудандық сотында Ақтөбе облысы тұмасы 44 жастағы М-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 669 бабымен әкімшілік ісі қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы М. дүкенде жұмыс жасап жүріп, ай сайын 50000 тенге жалақы алып тұрған, мойынында қарызы болғанын және бережақ өндіру туралы атқару парағы бар екенін біле тұра,  сот актісін орындаудан бас тартқан. 2016 жылдың 04-ші сәуірінен бастап қарызын өтемеген, сөйтіп сот актісін орындау үшін нақты мүмкіндігі бола тұра, құқық бұзушылықты жасады.

Медиативтік келісім жасалды

02/08/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа берілген Қандыағаш қаласының тұрғыны Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қандыағаш қаласындааз. Д., екі дана аллюминий флягалардың тұрғанын байқап, 05.07.2016 жылы, сағат 20.00 шамасында, бөтеннің мүлкін ұрлап, өз пайдасына жарату мақсатында, бөгде адамдардың жоғын пайдаланып, еркін қол жетімділікпен аталған екі фляганы жасырын ұрлап алып, жәбірленуші С-ға 30000 теңге материалдық шығын келтірген.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

02/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Г.Ажигалиева Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотталған азаматша К. қатысты қылмыстық іс туралы түсініктеме берді.