Ақтөбе қалалық сотында «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы соттарының Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының судьялары, «Ақтөбе қаласының бухгалтерлері мен аудиторларының «Есеп»» Қоғамдық бірлестігі, «Ақтөбе Облыстық Мүгедектер бірлестігі» Қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Раимкулова «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің маңызы» тақырыбында баяндамамен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде, Ақтөбе қалалық соты тарапынан:

-         Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында азаматтық істерді (неке бұзу, мүлікті бөлу, үйден шығару т.б.) қарау барысында «Ақтөбе облысы бойынша Әйелдерді қолдау орталығымен» әйелдерге көмек көрсетуге қатысты өзара ісқимылды реттеу;

-         Қоғамда дауларды реттеу және жанжалдарды азайту мақсатында жоғарыда көрсетілген санаттардағы істер бойынша кәсіби медиаторлардың орталықтарымен тараптарға қызмет көрсетуге қатысты жұмысты жалғастыру;

-         Қарт ата-анасын асырауға алимент өндіру туралы дауларды екі тарапқа да тиімді жолмен шешу мақсатында «Зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру орталығымен» тығыз қарым-қатынас орнату ұсынылды. 

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.