Архив событий

25/08/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы «Адам және Заң» бағдарламасында болды

25/08/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Нурлан Амантурлиевич Бактыгалиев «Қазақстан-Ақтөбе» телерадиокомпаниясы АҚ-ның «Адам және Заң» бағдарламасына  «Әкімшілік жаза қолданудың жалпы қағидалары» тақырыбымен шықты.

Бағдарламада барысында судья «әкімшілік жаза түрлері және олардың орындалу тәртібін» түсіндірді, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, әкімшілік жаза мерзімін есептеу, сот практикасында жиі қолданылатын әкімшілік жаза түрлері жөнінде баяндады.

Ақтөбе облыстық сотыда дөңгелек үстел өткізілді.

25/08/2016

Ақтөбе облыстық сотының ғимаратының оқу орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдың алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың 2016 жылға ведомство аралық жоспардың 3-тармағын орындау мақсатында «Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметін жүзеге асыруда қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.

Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

25/08/2016

Мұғалжар аудандық сотымен азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік» күнін өткізудің басты мақсаты – сот қызметі туралы халықтың сенімін күшейту және ақпараттандыруды арттыру, сот органдарының ашықтығын қамтамасыз ету.

Сот төрағасының м.а. Ж.М.Сейтжапаровтың қабылдауына Қандыағаш қаласының тұрғыны  М. неке бұзу туралы сұрағымен жүгінді.