Архив событий

18/08/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мүліктік жалдау (жалға алу)» тақырыбында семинар өтті

18/08/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мүліктік жалдау (жалға алу)» тақырыбында семинар өтті. Баяндамашы: М.Қ.Шарипова. Семинарға Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға м.а. А.М. Жүсіпов және сот судьялары қатысты.

Сот «Ақтөбе қаласының әкімдігі» ММ, «Ақтөбе қаласының Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің талап арызын қанағаттандырды.

18/08/2016

Ақтөбе қалалық сотымен талапкерлер «Ақтөбе қаласының әкімдігі» ММ, «Ақтөбе қаласының Жер қатынастары бөлімі» ММ жауапкер М.Иманқұловқа жер заңнамасының бұзушылықтарын жою, яғни мемлекет меншігі болып табылатын өз бетімен иеленген жер учаскесіндегі құрылысты бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

18/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 7 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Шараға сот төрағасы Н.Сұлтанов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы 2016 жылдың 7 айында сот өндірісіне барлығы 29 адамға қатысты 26 қылмыстық іс түскенін, салыстырмалы түрде 2015 жылдың 7 айында барлығы 24 адамға қатысты 21 қылмыстық іс түскенін айтты.