Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мүліктік жалдау (жалға алу)» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мүліктік жалдау (жалға алу)» тақырыбында семинар өтті. Баяндамашы: М.Қ.Шарипова. Семинарға Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға м.а. А.М. Жүсіпов және сот судьялары қатысты.

Судья өз баяндамасында: «Мүлiктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Жалға алушы жалға алған мүлiкке иелiк етуге құқылы. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүлiктік жалдау шарттарына жатады. Мүлiктік жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлiктік жалдау объектiсi болуы мүмкiн.»- деп атап өтті.

Жиынды қорытындылай келе, семинар қатысушылары өзара пікірлерімен алмасып, туындаған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі