Архив событий

03/08/2016

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

03/08/2016
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «АвтоСпецТехника-Актобе» ЖШС «Актобеэлектросетьстрой» ЖШС-нен  қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «АвтоСпецТехника-Актобе» ЖШС «Актобеэлектросетьстрой» ЖШС-нен  қарыз соманы және сот шығындарын өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Қобда аудандық сотында баспасөз маслихаты өткізілді

03/08/2016

Қобда  аудандық сотында судья  Ш.Е.Есжановамен  «Қобда» аудандық газетінің тілшісі А.Егізбай қатысуымен «Тергеу судьясының құзіреті» туралы тақырыпқа брифинг өткізілді. Брифинг барысында судья Қылмыстық-процессуалдық кодексін тергеу судьяларының өкілеттігі туралы 55 бабына тоқтап, сонымен қатар тергеу судьяларымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің нормаларын қолданылуы туралы нақты түсіндіріп шықты. Брифинг аяқталуы барысында тергеу судьясының 2016 жылдың 7 айында атқарған жұмысына қатысты сұрақтарға жауап берілді. 

Сот ажырасуға келген ерлі-зайыптыларды татуластырды

03/08/2016

Ақтөбе қалалық сотында аз. У.-ның жауапкер У.-мен некені бұзу туралы азаматтық ісіқаралды.

Талап арызда ерлі-зайыптылар 9 жыл бойы дауды жағдайда тұрып жатқандығы, некеден балалары жоқтығы, алдағы уақытта біргелікте өмір сүру мүмкін емесін, татуласуға мерзім бермеуін өтініш жасаған. 

Сотпен сот медиациясы өткізіліп, оның барысында әр тарап қыйнап жатқан мәселелерін айтуға және бір бірін тыңдауға мүмкіншілік алды.

Дау медиативтік келісіммен реттелді

03/08/2016

Ақтөбе қалалық соты жеке бала бақша меншік иесі аз.Ж.-ның жауапкер кондоминимум атынан аз.Б.-дан меншікті пайдаланудағы кедергілерді жою, яғни электроқуаты пен ыстық суды қосу туралы азаматтық ісін қарады.

Алға аудандық сотында семинар сабағы өткізілді.

03/08/2016

Алға аудандық  сотында судьялар мен  мамандардың және  МКҚБ ММ полиция қызметкерлерінің  қатысуларымен «Жемқорлыққа қарсы әрекет – өту режимін сақтау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

       Аталған шараны өткізудің басты мақсаты – өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнаманы сақтау.

        Бас маман аға сот приставы К.А.Хасанов өз баяндамасында бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері өзекті екенін, сотта жемқорлықтың алдын алудағы  өткізілетін шаралардың бірі – сот ғимаратына өту режимін нығайту болып табылатындығын айтты.