Архив событий

11/08/2016

Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өтізілді

11/08/2016

Мұғалжар аудандық сотымен 11.08.2016 жылы жергілікті адвокаттардың, медиаторлар мен нотариустардың, құқық қорғау органдары мен жергілікті әкімдік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтізілді.

Дөңгелек үстел барысында дауларды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс институтын енгізу, сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізуге медиатордың қатысуы, оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды түсіндіру, нотариустың атқарушылық жазбасы тақырыптары талқыланады.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

11/08/2016

Алға  аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің  2,3 тармақтарымен айыпталған Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес Е. бiрнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен ұрлық яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, 32560 нәтижесінде жәбірленушілер Н. мен К.-ға  32530 тенге көлемінде материалдық зиян келтірген.

Ет сату дауы бойынша медиативтік келісім

11/08/2016

Ақтөбе қалалық соты талапкер У.-ның жауапкер «Табыс» көтерме коммуналдық базарының сатушысы М.-нан 546 000 теңге көлемінде мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында талапкердің 2015 жылдың шілдесінде жауапкер М.-ға сатуға арналған қой етін тапсырғаны анықталды. Ет сатылғаннан кейін жауапкер 546 000 теңге көлемінде ақшалай қаражатты беруге міндеттенді.