Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 7 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Шараға сот төрағасы Н.Сұлтанов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы 2016 жылдың 7 айында сот өндірісіне барлығы 29 адамға қатысты 26 қылмыстық іс түскенін, салыстырмалы түрде 2015 жылдың 7 айында барлығы 24 адамға қатысты 21 қылмыстық іс түскенін айтты.

2016 жылдың 7 айында 21 адамға қатысты 20 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығып, аяқталған болса, өткен жылдың осы кезеңінде 20 адамға қатысты 17 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс жіберілген кемшіліктерді дұрыстау үшін Ақтөбе облыстық прокуратурасына жолданды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 7 айында ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен заңмен көзделген тыйым салынған әрекетті жасаған С.В.Кизеновке медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылып, іс өндірістен қысқартылды.

Келесі айға 8 адамға қатысты 6 қылмыстық іс қалдырылса, өткен жылы салыстырмалы уақытта 3 адамға қатысты 3  іс қалдырылған.

Алқабилердің қатысуымен жылдың басынан 2 қылмыстық іс қаралды.

Қаралған қылмыстық істер бойынша 6 жеке қаулы шығарылып, төртеуі бойынша сотқа жауап түсті.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.