Әкімшілік ісі қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында Ақтөбе облысы тұмасы 44 жастағы М-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 669 бабымен әкімшілік ісі қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы М. дүкенде жұмыс жасап жүріп, ай сайын 50000 тенге жалақы алып тұрған, мойынында қарызы болғанын және бережақ өндіру туралы атқару парағы бар екенін біле тұра,  сот актісін орындаудан бас тартқан. 2016 жылдың 04-ші сәуірінен бастап қарызын өтемеген, сөйтіп сот актісін орындау үшін нақты мүмкіндігі бола тұра, құқық бұзушылықты жасады.

Сотта құқық бұзушы М. өзінің кінәсін толық мойындады, жалақысы 50000 тенге болғанменен, қолына алатыны 20000-30000 тенге, басқа ешқандай табысы жоқ деп көрсетті. Деңсаулығына байланысты жолдасы жұмыс жасамайды екен. Борышкердің алдындағы қарызын қайтарады, бірақ бөліп, себебі материалдық жағдайы өте қиын болып кеткен. 14 жасқа дейін балалары жоқ.

Сот М-ны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 669 бабымен кінәлі деп тауып, оған екі тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі