Медиативтік келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа берілген Қандыағаш қаласының тұрғыны Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қандыағаш қаласындааз. Д., екі дана аллюминий флягалардың тұрғанын байқап, 05.07.2016 жылы, сағат 20.00 шамасында, бөтеннің мүлкін ұрлап, өз пайдасына жарату мақсатында, бөгде адамдардың жоғын пайдаланып, еркін қол жетімділікпен аталған екі фляганы жасырын ұрлап алып, жәбірленуші С-ға 30000 теңге материалдық шығын келтірген.

01.08.2016 жылғы соттың қаулысына ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталып, сотқа берілгенД. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Медиативтік келісім кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасалған. Сотталушы екі дана фляганы қайтарып, залалдың орнын толтырған, жәбірленуші оны кешіріп, материалдық, моральдық тұрғыда талап қоймауға міндеттенген.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі