Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ГидроЭкоРесурс»  ЖШС-і «Бекарыс» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

  Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «Бекарыс» ЖШС-ненжалпы көлемі 252 000теңге қарыз соманы және айыппұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

  «ГидроЭкоРесурс»  ЖШС мен «Бекарыс» ЖШС арасында қызмет көрсету бойынша 24.12.2013ж. №158 келісім-шарт жасалған. Талапкер «Бекарыс» ЖШС-і үшін Ақтөбе облысының экология департаментіне 2014 жылдың 1,2,3,4 тоқсандары бойынша тоқсан есебін ұсынумен өндірістік экологиялық мониторинг жүргізуге міндеттеме алған.

Талапкер өзіне қызмет көрсету бойынша міндеттемені, ал тапсырыс беруші көрсетілген қызметті қабылдап, оған төлем төлеу міндеттемесін алған. Мердігермен шарттың талаптарында көрсетілген қызмет толық көлемде орындалды. Шарт бойынша жауапкердің жалпы көлемі 240 000 теңге болатын қызметке төлем төлеу туралы  міндеттемесі осы күнге дейін орындалмаған. 

Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш түсті, оның шарттары бойынша жауапкер«ГидроЭкоРесурс»  ЖШС-не 2016 жылдың 07 тамызына дейін жалпы көлемі 252 000 теңге қарыз сома және айыппұлды төлеуге міндеттенген.

Талапкер өз кезегінде бітімгершілік келісімді қабылдап, осы азаматтық іс бойынша талаптан бас тартады.

01 тамыз 2016 жылғы сот ұйғарымымен «ГидроЭкоРесурс»  ЖШС мен «Бекарыс» ЖШС арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі