экономикалық сот

Мәмілені жарамсыз деп тану туралы дөңгелек үстел

23/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті» өкілдері Д.Нұрғалиева, Ө.Көбейсін, «Атамекен» мемлекеттік кәсіпкерлер палатасының өкілі Т.Жұмабаев және сот судьяларының қатысуымен «Мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Бітімгершілік келісім бекітілді

14/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Д» ЖШС-нің «З» ЖШС-нен  қарыз бен өсім сомасын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Бітімгершілік келісім бекітілді

12/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынмен «Г» ЖШС-нің «С» ЖК-нен  ақшалай қаражат өндіру талабына бойынша азаматтық іс қаралды.

Қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

09/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Е» ЖШС-нің  «Н» ЖШС-нен  25 448 627 теңге көлемінде қарыз сомасын және 16 338 018 теңге көлемінде өсім сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды..

Сот отырысында 2015 жылғы 8 мамырдағы №1 шартқа сай талап қоюшы сатып алушы меншігіне тікелей сату жолымен мүлік беретіндігі, ал жауапкер мүлікті (құрылғы) қабылдап және төлейтіндігі анықталды. Құрылғының жалпы құны 39 702 462 теңгені құрайды.

Тараптар бітімгершілік келісімін жасады

07/06/2017

«Н» ЖШС-і Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «М» ЖШС-нен  2 871 280 (екі миллион сегіз жүз жетпіс бір мың екі жүз сексен) теңге көлемінде берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

31/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Р» коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсетілген қызметтер үшін қарыз сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Талап арызға сай 11.02.2015 жылы «Жылжымайтын мүлік бойынша орталығы»  ШЖҚ РМҚ-на «А» ШҚ-нан жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық төлқұжат беру туралы арызы түскен. Техникалық төлқұжаттың дайын болу мерзімі 25.02.2015 жыл деп ұйғарылған.

ҮЕҰ өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

29/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің өкілі және сот судьялары қатысты.

Баяндамамен судья Ләззат Мырзалықызы Бисенова бөлісті. Баяндама басында, гендерлік саясат ұғымына түсінік беріп өтті, гендерлiк саясат дегеніміз - қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Пилоттық жоба аясында дөңлекет үстел өткізілді

29/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторы  К.Ұ.Каусова, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Батыс Қазақстан аумақтық филиалы кәсіби медиаторы А.Ж.Таласбаева, «Медиаторлардың Ұлттық Палатасы» кәсіби медиаторы С.Ш.Тулькубаева, «Халык-Казахинстрах» АҚ заңгері А.М.Иржанов, «Сәлем» сақтандыру компаниясы заңгері С.Н.Избаев, «Шаруа қожалығын қаржылық қолдау қоры» АҚ өкілі Г.А.Сарсекова және сот судьяларының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейі

Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қарау ерекшелігі

26/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақтөбе облысы мемлекеттік кірістер Департаменті» өкілі Ө.Е.Көбейсін,  «Ақтөбе қаласы мемлекеттік кірістер Басқармасы» өкілдері К.Ж.Шалаев, Н.Тулетова, «ФортеБанк» АҚ өкілі Б.Б.Аминов, банкроттықты басқарушылар Н.Б.Тубетов, Ж.З.Наурызалиев, А.Т.Есбергенов, К.Байдуллин, Ақтөбе облыстық соты судьясы Ж.К.Алишева және сот судьяларының қатысуымен «Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қарау ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Соттың жеке ұйғарымы

26/05/2017

2017 жылдың 25 мамырында  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы Айнұр Аманжанқызы Имантаева «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында «Соттың жеке ұйғарымдары» туралы ақпарат берді.

Тікелей эфир басында судья соттың жеке ұйғарымы ұғымына түсінік берді. Азаматтық процестік кодексінің 270-бабымен реттелген тәртіппен шығарылатын жеке ұйғарым, заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде шығарылады.

Беттер