Тараптар бітімгершілік келісімін жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Н» ЖШС-і Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «М» ЖШС-нен  2 871 280 (екі миллион сегіз жүз жетпіс бір мың екі жүз сексен) теңге көлемінде берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Талап арызға сәйкес 2012 жылғы 12 сәуірде тараптар арасында шарт жасалған, оның шарттарына сай жауапкер өзіне әк жеткізу бойынша міндеттеме алған. 2015 жылғы шілдеде жауапкермен жеткізілім тоқтатыла тұрған. 02.11.2015 жылы «Н» ЖШС-гі «М»ЖШС-гі мекенжайына орын алған берешекті қайтару талабымен наразылық жолдаған. Осыдан соң жауапкермен бірнеше жеткізілім жасалынған. Соңғы түсім 08.08.2016ж болған. Ағымдағы мерзімде жауапкермен жеткізілім жүзеге асырылмаған не ақшалай қаражат қайтарылмаған.

2017 жылғы 7 маусымда тараптар бітімгершілік келісімге келді. Ол уәкілетті тұлғалармен қол қойылған, заңға қайшы емес және үшінші тұлғалардың құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделері нұқсан келтірмейтіндіктен, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен тараптар арасында келесідей талаптар бойынша бітімгершілік келісім бекітілді:

 «М» ЖШС-гі 2 871 280 (екі миллион сегіз жүз жетпіс бір мың екі жүз сексен) теңге көлеміндегі берешігін келесі кесте бойынша өтейді:

200 000 (екі жүз мың) теңге көлеміндегі І төлем 02.07.2017ж кеш емес;

200 000 (екі жүз мың) теңге көлеміндегі ІІ төлем 02.08.2017ж кеш емес;

617 820  (алты жүз он жеті мың сегіз жүз жиырма) теңге көлеміндегі ІІІ төлем 02.09.2017ж кеш емес;

617 820  (алты жүз он жеті мың сегіз жүз жиырма) теңге көлеміндегі ІV төлем 02.10.2017ж кеш емес;

617 820  (алты жүз он жеті мың сегіз жүз жиырма) теңге көлеміндегі V төлем 02.11.2017ж кеш емес;

617 820  (алты жүз он жеті мың сегіз жүз жиырма) теңге көлеміндегі VІ төлем 02.12.2017ж кеш емес.

«М» ЖШС-гі төлемдерді өтеу кестесін бұзған жағдайда «Н» ЖШС-гі атқару парағын беру үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

86 138 (сексен алты мың жүз отыз сегіз) теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі